Ақтауда автобус жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шығудан бас тартты

0
851

Аталған автопарк Ақтаудың бес қалалық бағытына қызмет көрсетеді.


Ақтауда автобус жүргізушілері мен кондукторлары жұмысқа шығудан бас тартты

ERNUR.KZ. Ақтауда автопарктердің бірінің жүргізушілері мен кондукторлары сейсенбі күні қалада өтіп жатқан сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы митинг аясында жұмысқа шығудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз, "Каспий автопаркінің" жүргізушілері мен кондукторлары бүгіннен бастап, 4 қаңтарда жұмысқа шықпаймыз. Біз Халықпен біргеміз және қазір митингіге қатысамыз", - деді автопарк қызметкерлері.

Аталған автопарк Ақтаудың бес қалалық бағытына қызмет көрсетеді.