Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті.
ERNUR.KZ. Ақтауда баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.
29 мамырда 10 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қаққан. Зардап шеккен бала оқиға орнынан балалар ауруханасына жеткізілген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.
Басылым мәліметінше, бала дұрыс емес жерден жолды кесіп өтпек болған. Оқиға 19-шағынауданға қарама-қарсы тасжолда болды.
Сағат 9:20 шамасында 102 пультіне жол апаты туралы шақырту түскен.
"2014 жылы туған бала балалар ауруханасына жатқызылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деді аймақ полиция департаменті өкілі.
Ал желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті.