Ақтауда бес күн бұрын жоғалып кеткен алматылық жігіт табылды

0
559

Алматылық жігіт Маңғыстауға барып, киелі орындарға зиярат етпекші болған.


Ақтауда бес күн бұрын жоғалып кеткен алматылық жігіт табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының құтқарушылары Алматыдан атанған туристі бес тәулік ішінде аман-есен тапты, деп жазады zakon.kz.

Алматылық жігіт Маңғыстауға барып, киелі орындарға зиярат етпекші болған. Сапары барысында ер адаммен байланыс кілт үзілген. Ол 27 маусымнан бастап іздестіріле бастады.

"Жоғалған азамат 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомство сапарға шықпас бұрын баратын аймақтың картасын зерттеуге, ол жақтағы адамдармен кеңесіп, ең қолайлы маршруттар бойынша бағыт-бағдар алуға кеңес береді.

Айта кетсек, Атырау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен бақтшаныны іздестіріп жатқанына осымен жетінші күн болды. Іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақты жұмылдыру туралы да шешім қабылданды.