Ақтауда қатты дауылдан шатырлар ұшып, аялдама құлады: зардап шеккендер бар

0
210

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.


Ақтауда қатты дауылдан шатырлар ұшып, аялдама құлады: зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. Ақтауда қатты дауыл соғып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер бар, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 қараша сағат 11:47-де Ақтау қаласы, 32 “А” және 32 “Б” шағын ауданының орталығында орналасқан аялдаманың қаңылтырлары ұшқан. Дауыл тағы бірнеше ғимараттың шатырын жұлып кеткен.
"12:15 минут шамасында Қазынашылық комитеті ғимаратының шатыры ұшып кетті. Шатырдың аумағы 3 шаршы метр. 12:17 минут шамасында Мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті", - делінген хабарламада.
Жел салдарынан Жетібай ауылындағы №3 жалпы білім беру мектебінің де шатыры да ұшқан.
Ал Ақтауда аялдаманың шатыры ұшып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
"Аурухана қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен екі науқас жеткізілді. Тағы бір науқас өзі келіп көмекке жүгінген. Олардың екеуі яғни 1972 жылы туған әйел, 1976 жылы туған ер адам аялдаманың құлауы салдарынан зардап шеккен. Өзі келіп көмекке жүгінген 1988 жылғы зардап шегуші әскери бөлім қызметкері", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Зардап шеккендердің жағдайлары орташа ауырлық деңгейінде, дейді дәрігерлер.
Қалада бірнеше тұрғын үй жылусыз, электр жарығынсыз қалған. Дауыл салдарынан "МАЭК" ЖШС электр станциясының желілері істен шыққан. Қазіргі уақытта компания электр энергиясымен қамтамасыз ету қалпына келтірілгенін хабарлады.
Аялдаманың құлауына желмен қатар оның демонтаждау жұмыстары барысында бекіьілмегені де себеп болған
Әкімдіктің мәліметінше, "Алматыинжстрой" АҚ магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарының жүргізуіне байланысты аялдама демонтаждалған. Осыған байланысты қажет жерден уақытша қашық қойылған. Қатты желдің әсерінен құлаған.