Оны полицейлер құтқарып қалды.
ERNUR.KZ. Ақтауда өмірімен қоштаспақ болған қыз Каспийге секіріп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әлеуметтік желілерде өткен түнде Ақтау тұрғыны 15 шағын аудандағы бөгеттен секіріп суицид жасауға тырысқаны туралы ақпарат тарады.
«Қыз өз-өзіне қол жұмсамақшы болып жатыр деген қоңырау түсті. «Мираж-5» экипажының қызметкерлері дереу сол жерге кетті, алайда олар келгенше қыз бөгеттен секіріп кеткен екен», - деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына келген полиция аға лейтенанты Алғалиев жедел әрекет етіп, қызды судан шығарды.
Полиция қызметкері мен өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы тұрақты.