Пирстен суға секірген олардың екеуі жағаға шығып, бірі суға батып кеткен.
ERNUR.KZ. Ақтауда TikTok-қа видео түсірмек болған студент суға кетті, деп жазады tengrinews.kz.
Басылым мәліметінше, 7 маусым күні үш жігіт TikTok әлеуметтік желісіне видео түсірмек болған. Пирстен суға секірген олардың екеуі жағаға шығып, бірі суға батып кеткен.
Суға кеткен 18 жастағы жігіттің Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқитын, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы екені анықталды.
Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.