Ақтауда вакцинадан кейін ауырған бала Астанаға жеткізіледі

0
1 214

Дәрігерлер тексерісі нәтижесі бойынша эпилепсия диагнозы қойылған.


Ақтауда вакцинадан кейін ауырған бала Астанаға жеткізіледі

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында екпеден кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен баланы тексеруден өткізу үшін Астанаға жіберетін болды, деп жазады 24.kz.

Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау-5 ауылында тұратын 10 жастағы оқушының ауырып жатқанына бір жарым ай болған. Ата-анасының айтуынша, бұған мектепте алған қызылшаға қарсы екпе себеп. Сол күннен бастап басы қатты ауырған бала 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында жергілікті балалар ауруханасында стационарлық ем алған. Алайда одан еш нәтиже шықпаған. Бұдан кейін науқасты неврология бөліміне жатқызады. Дәрігерлер тексерісі нәтижесі бойынша эпилепсия диагнозы қойылған.

Азамат Сәрсенбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Қазір бала дәрігерлердің жіті бақылауында. Тиісті ем жүргізіліп жатыр. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оның нақты неден ауырып, жағдайының не себепті нашарлағанын тексеру үшін Астанаға жіберу туралы шешім қабылданды. Жақында анық-қанығы белгілі болады. Ал осы баламен бірге вакцина алған өзге оқушылардың бірде-бірінен шағым түскен жоқ.