Ақтауда жаңа су қоймасы салынды

0
1 174

Биыл бұл көрсеткішті 2000-2500 м3-қа жеткізу жоспарлануда.


Ақтауда жаңа су қоймасы салынды

ERNUR.KZ. Ақтауда көгалдандыру жұмыстарына арналған сыйымдылығы 750 м кубты құрайтын су қоймасы салынды, деп жазады baq.kz.

Жұмыс барысын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов келіп тексерді.

"Өңірімізде ауыз су мәселесі өзекті тақырып болса да қаланы көгалдандыру назардан тыс қалмауы тиіс. Осы мақсатта қаладағы жасыл-желектерді уақытылы және сапалы суарып, жер асты суларын тиімді пайдалануды көздедік. Бұл су қоймасы тек бір маусымда ғана емес, жыл сайын жүйелі қолданылатын болады", - деді «Green City Aktau» ЖШС директорының орынбасары Ақжол Сандыбеков.

Мекеме мамандарының айтуынша, өткен жылы қаланы көгалдандыруға 800 - 1000 м3 жер асты сулары пайдаланылған. Биыл бұл көрсеткішті 2000-2500 м3-қа жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, көгалдандыруға арналған ашық су қоймасы толықтай мердігер мекеме «Green City Aktau»ЖШС қаражатына салынуда.