Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналды: Марқұмның туыстары кешірім сұрады

0
825

Марқұмның жақындары елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, жерлеу рәсіміне халықты шақырмағанын айтты.


Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналды: Марқұмның туыстары кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Ақтауда қайтыс болған тұрғынының туыстары жерлеу рәсіміне ешкімді шақырмағандарын айтып, қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады. Марқұмның сіңлісі Бибіжамал Аблазимовамен қоштасуға жүздеген адамның ниет білдіргенін айтты, деп жазады kaz.nur.kz.

Күлжан Сырбайқызы болған жағдай үшін кешірім сұрап, отбасы карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге дайын екенін айтады.


"Апамның өмірден қайтқанына ешкімді шақырған жоқпыз. Келген адамға "кет" деп, есігімізді жаба алмадық. Бірақ санитарлық нормаларды ескердік. Теріс түсінбеңіздер. Қандай да бір қателік жіберген болсақ, кешірім сұраймын. Айыппұл салынып жатса, бауырымыз үшін барлығын көтереміз", - деді Сырбайқызы.


Әйел адам Бибіжамал Аблазимованың жақындары елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, жерлеу рәсіміне халықты шақырмағанын сөз етті.


"Бәрімізге денсаулық керек. Халық болмаса, біз кімбіз? Әрайсысыңыздың бауырларыңыз, аналарыңыз бар шығар. Алла бар бәледен сақтасын", - деді марқұмның туысы.


Айта кетейік, Күлжан Сырбайқызының видеосында қоштасу рәсімінен үзінділер бар. Кадрдан жерлеу рәсіміне келген адамдардың арасында шынымен де ара-қашықтық сақталғанын көруге болады.




Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы жаназаның видеосы тарап кетіп, көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Олар карантин уақытында шектеу талаптарын сақтанбағандарға шүйлікті. Нәтижесінде марқұмның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.