Айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
ERNUR.KZ. Ақтауда зорлық жасады деген айып тағылған жаттықтырушы сот үкімі шығарылды, деп жазады Stan.kz.
Сотталушы карате-до бойынша жасөспірімдердің жаттықтырушысы болған. Жәбірленушінің кәмелетке толмаған екенін біле отыра, оның сеніміне кіріп, жаттықтырушы ретінде эмоционалды қысым жасап, бірнеше рет кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен.
Сот процесі барысында прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурормен келісті. Қорғаушы тарап сотталушыны оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар сотта белгіленбеген. Айыпталушыға қорғансыз немесе дәрменсіз адамға қатысты қылмыс жасау қылмыстық жауаптылық пен оның жазасын ауырлататын мән-жай болып табылады. Істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот үкім шығарды.
Ол ҚР ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол өмір бойы педагогикалық, жаттықтырушылар лауазымын атқару құқығынан айырылды, бұл осы баптың санкциясында көзделген жазадан орташа мөлшерді құрайды. Сот мұндай шешімге келді, өйткені сотталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және сотталмаған, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 8 мамырда Ақтауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті ұсталған болатын.