Оқыс оқиға көктемнің алғашқы күнінде Ақтауда болған.
ERNUR.KZ. Ақтауда сауда үйлерінің бірінде жеті жастағы қыз бала эскалаторға мінер кезде қолынан жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиға көктемнің алғашқы күнінде Ақтауда болған. Кейін жарақат алған қыз бала дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.
«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына саусағын кесіп алған 7 жастағы қыз бала жеткізілді. Дәрігерлер саусағын аман алып қалу үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасады. Оған тиісті медициналық көмектің барлығы көрсетілді. Қазір науқас реабилитационарлық ем-дом қабылдап жатыр. Ал саусағының тұтастығына қатысты алдын ала болжам жасауға ерте», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.