Ақтаудың бас санитары үш рет барып, кіре алмаған Rixos қонақ үйін ақыры тексерді

0
960

Әкімдіктің баспасөз қызметі бес жұлдызды қонақ үйде заңбұзушылықтар анықталып-анықталмағанын хабарламады.


Ақтаудың бас санитары үш рет барып, кіре алмаған Rixos қонақ үйін ақыры тексерді

ERNUR.KZ. Ақтаудың бас санитарлық дәрігері Әсима Жарылғасова үш рет барып, кіре алмаған Rixos қонақ үйін ақыры тексеріп шықты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мобильді топтың құрамында санитарлық қызмет мамандары, әкімдік, полиция және БАҚ өкілдері болды.

"Қонақ үй басшылығына санитарлық талаптарды сақтау, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде субъектінің құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме берілді", - деді Жарылғасова.

Мобильді топ қонақ үйдің аумағындағы мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ, бассейндер мен оған іргелес аумақтарды тексерген.




"Бізде тексеру жұмыстары қонақтар әуежайға келген сәттен басталады. "Ресепшн деск" жұмыс істейді. Мамандар тепловизормен қонақтардың дене қызуын өлшейді. Содан кейін олар қонақ үй көлігімен бізге жеткізіледі. Біз бірден маска, санитайзер таратамыз. Әрине, қашықтық сақталады. Қонақ үйге кіре берісте қонақтар тағы да тепловизормен тексеріледі", - қонақ үй менеджері Серік Исағалиев.


Айтуынша, қонақтардың жүктері бөлмеге дезинфекциядан өткен соң ғана жөнелтіледі.


"Біздің қонақ үйде арнайы санитарлық дәрігер бар. Ауру белгілері пайда болғанда, біз жедел жәрдем шақырамыз. Науқастарды тексеретін арнайы бөлмелер де бар", - деді ол.


Бұған дейін Ақтаудың бас санитарлық дәрігері Әсима Жарылғасова Rixos қонақ үйіне тексеріс үшін үш рет барып, кіре алмағанын мәлімдеген еді.

Әлеуметтік желілерде бұл демалыс орнын актер Санжар Мәди, PR-маман Әлішер Елікбаев және ресейлік Black Star компаниясының үздік қызметкері танылған оператор Аблай Қайыржанов жарнамалап жүр.