Суға кеткен ер адам 38 жаста болған.
ERNUR.KZ. Халық "Шора" деп атайтын су арнасында ер адам батып кетті, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 3 тамызда болды. Оқиға туралы ақпарат сағат 17.30-да келіп түскен.
"Екі адам батып жатқан, біреуін демалып жатқандар құтқарып қалды. Суға кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді жедел-құтқару жасағының мүшесі.
Кейінірек, суға кеткен 38 жастағы ер адамның денесі аудандағы демалыс орындарының бірінен табылғаны белгілі болды. Ал inaktau.kz тілшісі оқыс оқиғаның құрбаны болған Ақтауға іссапармен келген 1981 жылғы ер адам екенін хабарлады.