Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасының иесі тұрғындарға жауап берді

0
844

​Ол Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы шықса, тұрғындар ағымданып жатқан ферманы жабуға дайын екенін айтты.


Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасының иесі тұрғындарға жауап берді

ERNUR.KZ. Бестамақтағы шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян мал шаруашылығы кешені төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputniknews.kz.

Ол жоғары деңгейде талап қойылса, кешенді жабуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Егер үкімет шешім қабылдаса, біз ферманы жабамыз. Бірақ бұл тез арада шешілетін нәрсе емес. Шошқа саны көп. Біздің әлі екі жылымыз бар. Кредит төлеуіміз керек", - деді ол.

Кәсіпкер аудан бюджетіне жүздеген миллион теңге салық төлеп отырғанын жеткізді. Сол ақша мектептер, мешіттер жұмысына жұмсалып, бюджеттік саладағы қызметкерлерге жалақы төленеді деп отыр.