Ақтөбе облысында катамаранмен серуенге шыққан төрт адам құтқарылды

0
725

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.


Ақтөбе облысында катамаранмен серуенге шыққан төрт адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды судан құтқарды, деп жазады sputnik.kz.

"Тропикана" жағажай демалыс базасы ауданы, Елек өзенінде су көлігі катамаранды ағыс алып бара жатқаны туралы 112 құтқару қызметіне көмек керек екені бойынша хабарлама түсті. Катамаранда үш адам болған.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Әрі қарай құтқарушылар катамарандағы адамдарды құтқарып қайтып келе жатқан кезде, арғы беттен бергі бетке бір адамның жүзіп келе жатқанын байқап қалып, 25 жастағы ер адамды құтқарып қалады.