Қазір дертке қатысты аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында қауіпті вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді, хабарлайды «Хабар 24».
Эпидемиологиялық жағдайды бақылап отырған мамандар өткен тәулікте ешкімнің дертке шалдықпағанын мәлімдеуде. Мұндай жағдай өңірде соңғы төрт айдан астам уақыттан бері болған емес. Яғни, індет жұқтырудың алғашқы дерегі наурызда тіркеліп, бүгінгі күнге дейін үш мыңнан астам адам шалдықты.
Өткен апталарда аурушаңдық деңгейі төмендеп, кейбір провизорлық орталықтар жабылған болатын.
«Қазір дертке қатысты аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты», - дейді дәрігерлер қауымы.
- Облыстың инфекциялық стационарында 337 кереует болса, науқастардың саны 74 қана. Барлығы 22%-ке толтырылған. Бос орындардың саны – 263. Ал, поровизорлық стационарларда 2061 кереуетте 781 ауру жатыр. Қордың 37,9%-і ғана пайдаланып тұр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров.