Ақтөбе облысында шатырдан құлаған мұз баланы мерт қылды

0
2 194

Төтенше оқиға Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды. Алты жасар Ақниет Зарлық балалармен бірге су айдауыш мұнара қасында ойнап жүрген. Кенеттен мұнара шатырынан мұздың бір бөлігі опырылып түскен,-деп хабарлайды BNews.kz.


Ақтөбе облысында шатырдан құлаған мұз баланы мерт қылды

Ақтөбе облысында шатырдан құлаған мұз алты жасар баланың өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды BNews.kz. Мұз сынығы Ақниеттің тура басына түсіп, баланы бірден мерт қылған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері өлім дерегін растады.

"Бала оқиға орнында қайтыс болды. Алдын-ала болжам бойынша қайғылы жағдайға ашық бас сүйек-ми зақымы себеп болған. Бұл жерде ойнауға болмайды. Аумағы қоршалып тұрса да, балалар одан өтіп кете береді",- деді Ырғыз ауданы ауруханасының бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға бойынша тексеру жүргізуде. Олар коммуналдық қызметті немқұрайлық тұрғысынан тексеруде. Нақтырақ айтқанда қар мен мұз тазалау жұмыстарын тазалауға кім жауап беретіні анықталып жатыр.