Ақтөбе облысында үш бала мен оларды құтқармақ болған әкесі өзенге батып кетті

0
508

Құтқарушылар суда қауіпсіздің ережелерін сақтауды сұрайды.


Ақтөбе облысында үш бала мен оларды құтқармақ болған әкесі өзенге батып кетті

ERNUR.KZ. 3 тамызда Ақтөбе облысындағы Жүргенов ауылында төрт адам өзенге батып кетті, жеп жазады Stan.kz.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар мұнда ата-аналарымен болған.

"Ырғыз өзеніне бірден төрт адам батып кетті: 7, 11 және 13 жастағы балалар мен оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам. Көз жұмған балалардың арасында ер адамның балалары мен туысы болған", – делінген хабарламада.

Мәйіттерді іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Кейін оларды судан алып шықты.

Құтқарушылар суда қауіпсіздің ережелерін сақтауды сұрайды.