Ақтөбе облысында жастар тұрмысы төмен отбасыларды газбен қамтуды қолға алған

0
1 121

14 мың тұрғыны бар Ембі қаласына көгілдір отын осыдан 7 жыл бұрын жүргізілген. Қазір тұрғын үйлердің 99,5 проценті қамтылды. Тек айлығы шайлығынан аспайтын 50-ден астам отбасы орталық жүйеге қосыла алмай отыр.


Ақтөбе облысында жастар тұрмысы төмен отбасыларды газбен қамтуды қолға алған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жастар тұрмысы төмен отбасыларды көгілдір отынмен қамтуды қолға алған, деп жазады 24.kz.

Түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, жинаған қаржыны әлеуметтік әлсіз топтардың қажетіне жаратып жүр. Динара Балғазина қыс түссе, өз үйінен көшуге мәжбүр. Ата-анасынан қалған баспананың пеші әбден ескірген, от жағуға келмейді. Айына 25 мың теңге төлесе де 6 баласының амандығын артық санайды.

Динара Балғазина, көп балалы ана:

- Жазда көшіп келеміз. Газды кіргізсе ремонт істеп мына үйге көріп тұрсыздар ғой. Пештің тұрі мынау. Көне пеш. Қыста отыруға келмейді.

Мейірімді жастардың назарына іліккен жанның алдағы жазға жоспары көп. Бастысы, баспанам жылынса болды дейді. Көгілдір отын желісіне қосу жұмыстары тағы екі үйде жүргізілуде. Наурызбек Сарбасов, жас кәсіпкер:

- Ең бірінші түрткі болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы. Концерт, жайдарман үлгісінде өткізіп жатқанымыз сол жастарымызды шақыру. Сенімдімін. Осы жастар бастап жатқан бастаманы әрі қарай қолдайты дегенге.

14 мың тұрғыны бар Ембі қаласына көгілдір отын осыдан 7 жыл бұрын жүргізілген. Қазір тұрғын үйлердің 99,5 проценті қамтылды. Тек айлығы шайлығынан аспайтын 50-ден астам отбасы орталық жүйеге қосыла алмай отыр.

Әлімжан Қорғанбай, Ембі қаласының әкімі:

- Жартысынан көбі мына үйлерінің газ кіргізуге сәйкестігінің келмеуінен кіргізілмей отыр. Өйткені мына үйлеріне газ кіргізуге қауіпсіздік шараларына келмейді. Сондықтан кіргізілмей отыр.

Үш отбасына табиғи газ тартуға қаражатты жастар өнерімен тауып отыр. Жайдарман ойындарын ұйымдастырып, түскен қаржыны әлжуаз топтарға бөліп берген. «Жастар жылын» құр ұранмен емес, нақты істермен өткізуді ойлайды. Сондықтан алдағы он айда газсыз отырған отбасыларына да кезек жететініне сенімді. Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков