Ақтөбе облысының басшысымен кездесуге келген тұрғындарды әкімдіктен қуып шыққан (видео)

0
599

Әкімге шағым айтып келген тұрғындарды полиция мен шенеуніктер қуып шыққан.


Ақтөбе облысының басшысымен кездесуге келген тұрғындарды әкімдіктен қуып шыққан (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында әкімге шағым айтып келген тұрғындарды полиция мен шенеуніктердің қуып шыққаны видеоға түсіп қалды, деп жазады Stan.kz

LIFE KZ YouTube арнасында жарияланған видеода өңір басшысы Оңдасын Оразалинге келген азаматтарды полиция қызметкерлері есіктен шығарып жібергені анық байқалады. Тұрғындарды қуып шығуды талап еткен ер азамат олардың “жұмыс істеуге кедергі келтіріп жатқанын” айтады.


“Ақтөбе облысының бір топ тұрғыны өңір әкімі Оңдасын Оразалиновтың қабылдауына жазылғысы келген. Алайда шенеуніктер халықпен кездесудің орнына полициямен бірігіп, облыс әкімдігінің ғимаратынан адамдарды қуып жіберді”, – делінген YouTube арнасының астындағы жазбада.

“Бұл әкімдік үшін масқара жағдай. Өзіңізді неге таныстырмайсыз? Итермеңіз, қолыңызды тартыңыз. Демократиялық мемлекет деген осы ма?” – дейді тұрғындар.