Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік құрастырды

0
1 088

Көлік тіркелген және жалпы қолданыстағы жолдармен жүре алады.


Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік құрастырды

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік жинап шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтөбе тұрғыны 1997 жылғы Mitsubishi Delica көлігін қайта жасап, өзгертті. Енді бұл жол талғамайтын автокөлік кез келген қиындықтан еркін өте алады.

Хабарландыру мен суреттерге қарағанда, көлікке төмен қысымды алып шиналар орнатылған. Әрбір дөңгелектің диаметрі 1 метрден асады, ал ені 50 сантиметр. Мұндай өзгерістер енгізу үшін жылжымалы есікті алып тастауға тура келген. Ол ашылмайды, ал демалу және балық аулау үшін жабдықталған салонға жүксалғыш немесе жолаушы есігі арқылы кіреді.

Хабарландыру авторының айтуынша, көлік тіркелген және жалпы қолданыстағы жолдармен жүре алады.