Ақтөбе тұрғыны сауда орталығында босанып қалды

0
976

Келіншекті орталықтағы бутиктің қызметкері босандырып алған.


Ақтөбе тұрғыны сауда орталығында босанып қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік әйел ірі сауда ойын-сауық орталығында қыз босанды. Сауда орталығының әкімшілігі Instagram желісінде қуанышты жаңалықпен бөліскен, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 11 шілдеде болды. Зәуре есімді келіншек апа-сіңлілерімен сауда орталығына барған. Алайда жас ана дүкен аралап үлгерген жоқ, аяқ астынан толғағы басталыпты.

Әйелді бутиктердің бірінде істейтін қызметкер босандырған.



Жас ана аман-есен босанып, дүниеге салмағы 3,4 келі қыз әкелді. Сәбидің есімі – Айлин.

Сауда орталығының әкімшілігі қуанышты оқиғаның құрметіне жас анаға кәстрөл, ал нәрестеге қуыршақ жиынтығын сыйға тартты.