Маңғыстау өңірінде үш жаңа теміржол вокзалы салынады

0
138

Бүгін Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексерді.


Маңғыстау өңірінде үш жаңа теміржол вокзалы салынады

Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында биыл 125 теміржол вокзалында қайта жаңарту жұмыстары басталды, оның 21-i тікелей туристік бағыттағы нысандар. Бүгін Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексерді.

«Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды орнатуды қарастырдық. Жолаушылар ағыны мен саны артып, туризм де дами түспек», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Шетпе вокзалының ауданы 5 есе, ал Бейнеу вокзалының ауданы 10 есе артады.

Сонымен қатар биыл мамандар 404 шақырымдық Бейнеу-Маңғыстау теміржолын жаңартады. Пойыз қозғаласын реттейтін жүйе (автоблокировка) Шалқар-Бейнеу және Маңғыстау-Өзен теміржолдарында орнатылады.