Ақтөбеде 6 жасар баланы түйе жаралады

0
2 165

Түйеден зәбір көрген баланың әкесі шара қабылдау жөнінде арыз түсірген.


Ақтөбеде 6 жасар баланы түйе жаралады

ERNUR.KZ. Ақтөбенің Темір ауданы Кеңқияқ ауылында түйе балаға жүгіріп, жаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңқияқ ауылында түйе баланың денсаулығына зиян тигізді.

«2013 жылы туған баланың мойыны және беті жараланып, тері тініне зақым келді. Оны түйе соққан. Бала амбулаториялық ем қабылдайды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, арыз полицияға да түскен.

«Түйеден зәбір көрген баланың әкесі шара қабылдау жөнінде өтініш жасады, ал түйенің иесі ірі қарасын сойып тастады. Арыз шара қолдану үшін ветеринарларға жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.