Ақтөбеде арнайы интернатта балаларды ұрған медбике сотталды

0
881

Сотта медбике өз кінәсін мойындады.


Ақтөбеде арнайы интернатта балаларды ұрған медбике сотталды

Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды соққыға жыққан медбикеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике “азаптау” бабы бойынша сотталды. Айыптауға сәйкес әйел өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соғып отырған.

Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған. Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.

Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.