Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

0
690

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығына кәсіпорын басшылығының тәртіптік жазасы себеп болған.


Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушілері желіге шықпады, деп жазады sputnik.kz.

14 ақпан күні "Автопарк" ЖШС-ның кейбір жүргізушілері жолаушыларды тасымалдауды тоқтатқан. Автопарк мәліметінше, №1, 3, 15, 16, 24, 26 бағдарлы автобустар уақытша желіден шықты. Тұрғындар аялдамада автобус күтіп тұрғанына қарамастан жүргізушілер тоқтамай өтіп кетіп отырған.
Қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығына кәсіпорын басшылығының тәртіптік жазасы себеп болған.
"Ережелерді жүйелі түрде бұзғаны үшін жекелеген жүргізушілерге кәсіпорын тарапынан тәртіптік жаза қолданылды. Олар автопаркке ерте келіп отырған, желіден шығып кеткен, жолаушылардың жолақысын өз шоттарына аударған. Айыппұл түріндегі қатаң шараға келіспеген кейбір жүргізушілер автобустардың жұмысын тоқтатты", - деп түсіндірді жағдайды "Автопарк" ЖШС.
Бұған қоса, наразы жүргізушілер басқа әріптестерін де жұмысқа шықпауға көндірген. Осылайша "Автопарк" ЖШС басшылығына ұжым болып қысым көрсетуді көздеген, дейді кәсіпорындағылар.
Бұл ретте "Автопарк" ЖШС автобус жүргізушілерінің жалақысы өңірдегі орташа айлықпен деңгейлес екенін және уақытылы төленетінін атап өтті.
"Алайда мұндай тәртіптік жаза да азаматтардың шағымына жауап ретінде мәжбүрлі түрде қабылданған шара болды", - дейді ЖШС әкімшілігі.
Автопарк жағдай ең қысқа уақытта реттелетініне сендірді.