Ақтөбеде балалар мен қариялар арасында тұмаумен ауырғандар көбейді

0
959

Эпидемиолог дәрігерлер тұмау мен ЖРВИ-ге қатысты жағдайды да бақылауға алған.


Ақтөбеде балалар мен қариялар арасында тұмаумен ауырғандар көбейді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы бойынша бір аптада 400-ден астам адамнан ЖРВИ-ге шалдықты. Көбі балалар мен қариялар, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде коронавирус инфекциясына қатысты жалпы ахуал туралы айтылды. Өткен тәулікте өңірде 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның жетеуі Ақтөбе қаласының тұрғыны болса, Мәртөк пен Алға ауданында да індетке шалдыққандар тіркелді. Көбі науқастармен қарым-қатынаста болған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,3% құрады. Өңірде барлығы 3502 жағдай тіркелді. Оның 95 пайызы жазылды.

«Ақтөбе облысы бойынша 15 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Ауруханада жатқан науқастардың екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге пневмонияға шалдыққан 64 адам емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер бақылауына алынды. Көбі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды», - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары -
Бекболат Ізбасаров.

Эпидемиолог дәрігерлер тұмау мен ЖРВИ-ге қатысты жағдайды да бақылауға алған.

«26-қараша мен 2-желтоқсан арасында 440 адам ЖРВИ шалдықты. Көрсеткіш 50,8% құрап отыр. Оның 182-сі 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен бірге науқастардың жетеуі бір жасқа толмаған, төртеуі жүкті келіншек. Балалар мен жасы 60-тан асқан адамдар арасында көрсеткіш жоғары. Қазір 24 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Біреуі жүкті әйел, бесеуінің жасы 1-ге толмаған», - деді Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.