Бір отбасының екі баласын бірдей аудандық ауруханаға жеткізген.
ERNUR.KZ. Оқиға Қобда ауданының Өтек ауылында болған, деп жазады inbusiness.kz.
Ауыл сыртында ойнап жүрген балалардың дене қызуы көтеріліп, дел-сал күй кешкен. Бір отбасының екі баласын бірдей аудандық ауруханаға жеткізген. Ата-анасы бастапқыда балалардың неден уланғанын білмеген.
Ересектер садақада болған кезде 3 жастағы қыз 5 жастағы ағасымен ауыл сыртында ойнап жүрген. Үйге кешкі сағат алтылар шамасында келгенде жағдайы күрт нашарлаған. Ауыл фельдшерін шақырып, артынша дереу аудандық ауруханаға жеткізен.
"Ата-аналарынан сұрау барысында итжедектен улануы мүмкін деген болжам бар. Өсімдік ауыл сыртында өседі. Қазір дәрігерлер бақылауға алды. Инфузиондық терапия жасап жасалды. Таңғы сағат үштер шамасында балалардың сандырақтауы үдеді. Таңғы сағат төртте медиавиациямен облыс орталығына жеткізілді", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаев.