Сауда орталығындағы бутиктерде есірткі бейнеленген киімдер сатылған.
фото: mgorod.kz
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі сауда орталықтарының бірінде есірткі бейнеленген бас киімдердің сатылып жатқаны анықталды, - деп жазады tengrinews.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы саудамен айналысқан ер адам қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 423-бабы бойынша ("Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау") айыпты деп танылды.
"Ақтөбе облысының есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері қалалық жастар ресурс орталығы мен учаскелік инспекторлармен біріге отырып, сауда орталығында бутиктерді тексеру барысында есірткі бейнеленген киімдердің сатылып жатқанын анықтап, ол тауарларды тәркіледі. Осы дерек бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.