Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде 21 жасар курсант ауруханада көз жұмды, деп жазады zakon.kz.
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты облыстық фтизиопульмонологиялық орталыққа 21 қараша күні сағат 15:29-да жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түскен.
Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған.
"Инфекциялық-токсикалық шок болды. Инфекциялық эндокардиттің ауыр түрі еді. Екіжақты экссудативті плеврит те белгілі болды. Ол қан құсқан. Оған қоса жеңіл дәрежеде қаназдық дертіне шалдыққан. Бірден ем жүргізіліп, күн сайын консилиум өтті. Оған штаттан тыс бас пульмонолог Л.М.Төлегенова қатысты. Өкінішке қарай науқас 27 қараша күні көз жұмды. Өкпе-жүрек жетіспеушілігінен деп айтылып отыр. Курсанттың денесі сот-медициналық сараптама орталығына берілді. Барлығы сол сараптамадан кейін нақты анықталады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.