Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көліктің жүргізушісі сотталды

0
630

Еске салайық, бұл оқиға осыдан тоғыз ай бұрын Темір ауданында болған еді.


Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көліктің жүргізушісі сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көлікті тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жарым жыл түрмеде отырады, деп жазады Zakon.kz


"Нұрбек Айбекұлы Жұмекешов ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін "кінәлі" деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын".Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мираш Жүгінісова

Еске салайық, бұл оқиға осыдан тоғыз ай бұрын Темір ауданында болған еді. Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге жарысқа шыққан Toyota Estima көлігі аударылып, көлікте болған тоғыз оқушы мен жаттықтырушы зардап шекті. Бір бала оқиға орнында қаза тапты. Екі бала орташа ауыр дәрежеде, 4 бала және жаттықтырушы ауыр жарақат алды.

Қазір бапкер Алматыда емделіп жатыр. Осы бапкердің еміне сотталушы 5 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс және тағы да басқа шығынға қатысты іс тағы азаматтық сотта қаралады. Бірақ жәбірленуші тарап мұнымен келіспей отыр.

"4 миллион 470 мың беріп отырмын. Әр жағына 5 миллион тағы беріп отырсыздар. Мен 10 миллион беремін ғой сонда. Онымен қоймай өзі сотталып кетеді. Мен үш баланы бағамын ба, 5 миллионды төлеп беремін бе?!"Сотталушының әйелі