Ақтөбеде салымшылар Тоқаевтан көмек сұрады

0
813

Олар үш жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр.


Ақтөбеде салымшылар Тоқаевтан көмек сұрады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде тұтыну кооперативтерінің бірінің салымшылары ұйымның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексеру үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп жазады sputnik.kz.

Олар үш жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Салымшыларға құжаттардың аз пакетімен және өтем сомасының аз көлемімен пәтер сатып алуға болатыны туралы уәде берілген. Бұл тіпті кредит тарихы нашар немесе тұрақты табыс көзі жоқ адамдар үшін де тиімді ұсыныс ретінде насихатталған.
Ұтымды ұсынысқа мыңдаған қазақстандық назар аударып, 2019 жылы салым салған. Алайда арада үш жыл өтсе де, олар пәтерлеріне кіре алмай жүр.
Компания кешігулерге пандемия мен басқа да тараптармен соттасқанын алға тартқан. Осы уақыттың ішінде адамдар салым енгізуді жалғастыра берген. Кейінірек келісімшарт талаптары өзгеріп, салымшылардан негізгі соманың 30%-ін қоса төлеуді сұраған.
Сонымен қатар, келісімшарт талаптары бойынша олар кооперативке ықтимал клиенттерді тартуға мәжбүр болған. Осы үшін салымшыларға бонус беруге уәде еткен. Ал бұл қаржы пирамидасының жұмыс жүргізу тәртібіне тым қатты ұқсас.
"Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, мұндай кооперативтерді өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз. Сізден жоғары деңгейде әділ тексеру жүргізуді өтінеміз. Жұмсалған әрбір тиын назардан тыс қалмауы керек", - дейді Ерлан есімді салымшылардың бірі.
Тұтынушылық кооперативінің төрағасы салымшылармен кездесіп, кіру салымдары жалақы, жалға алу, жарнама, салық пен кооперативті дамыту шығындарына есептелгенін айтты. Оның айтуынша, салым сомасын ұлғайтуға кассалық айырмашылық, яғни міндетті шығындарға арналған ақша тапшылығы себеп болып отыр.
Осы тұста адамдардың пікірі қақ жарылып, кейбірі кооператив төрағасының сөзіне сенбеді. Ал кейбір салымшылар оны қолдап, басқаларды кооперативке мейлінше көп адам тартуға шақырды.