Ақтөбеде үй өртеніп, үйінді астынан бір адамның денесі табылды

0
2 488

Ағаштан салынған үй толық жанып кеткен.


Ақтөбеде үй өртеніп, үйінді астынан бір адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында үй өртініп, 81 жастағы қарттың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 елді мекенінде үй өртенді.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 33 адам және 9 техника жіберілді.

Ағаштан салынған үй толық жанып кеткен.

Жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады.


«Өрт кезінде үйдің шатыры мен қабырғасы құлады. Үйінді астынан 1939 жылы туған үй иесінің денесі табылып, марқұмның туысына психологиялық көмек көрсетілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.