Ақтөбедегі балабақшада мойнын жарақаттап алған бүлдіршінге кешке дейін көмек көрсетілмеген

0
712

Оқиға қай балабақшада орын алғаны жарияланбады.


Ақтөбедегі балабақшада мойнын жарақаттап алған бүлдіршінге кешке дейін көмек көрсетілмеген

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі балабақшада мойнын жаралап алған балаға кешке дейін тәрбиешілер көмек көрсетпеген болып шықты, деп жазады Stan.kz.

Оқиға қай балабақшада орын алғаны жарияланбады.

“Балабақшалардың бірінде бүлдіршін баспалдақтан құлап, мойнын жарақаттап алған. Ол кезде мұғалім қасында болған. Бала өзі дәретханаға барып, қанды жуып, ары қарай ойнауға кіріскен. Сөйтіп кешке дейін әке-шешесі келгенше жүре берген. Бұл үшін балабақша меңгерушісіне 150 мың теңге айыппұл салынды, - дейді Ақтөбе облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиева.

Оның айтуынша, соңғы аптаның өзінде ведомствоға төрт шағым түскен, оның үшеуі мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына қатысты екен. Облыста барлығы 559 мектепке дейінгі мекеме бар. Алайда олардың саны одан да көп болуы мүмкін, өйткені департамент өкілі барлық кәсіпкерлер балабақша ашу туралы хабарламайтынын атап өтті. Тиісінше, шенеуніктердің өздері де мойындағандай, балабақшада балаларды кім тәрбиелеп жатқаны, немен қамтамасыз етілгені, онда қандай жағдай жасалғаны туралы толық мәлімет жоқ.