Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде 2,5 миллион теңге салынған сөмке қолды болды

0
1 395

24 жастағы ер адам сөмкесін ұрлап кеткенін айтқан.


Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде 2,5 миллион теңге салынған сөмке қолды болды

ERNUR.KZ. 15 желтоқсанда Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде бірнеше миллион теңге салынған сөмке қолды болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

24 жастағы жәбірленуші 102-ге сағат 15.55-те хабарласып, белгісіз ер адам сөмкесін ұрлап кеткенін айтқан. Ол патрульдік полиция нарядына сөмкеде 4,1 мың АҚШ доллары мен 824 мың теңге болғанын айтқан. Жалпы шығын - 2,5 миллион теңге.

"Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қылмыс жасалғаннан кейін Орал қаласына кетіп қалған. Жедел түрде көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді", - дейді ПД өкілдері.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.