ERNUR.KZ. Ақтөбедегі мектепте оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр, деп жазады stan.kz.
Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
“Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды”, – делінген мәліметте.
Сыныптастарының айтуынша, мектеп оқушысы Новиков сыныпқа жүгіріп кіріп, құлап, партаға соғылған. Жетінші сынып оқушысы Ақтөбедегі орталық балалар ауруханасында көз жұмды.
Оқиға орнында полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 13 жастағы оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмғанын жазғанбыз.