Ақтөбелік азамат өзінің жыныстық әлсіздігін мазақ еткен әйелді қылқындырып өлтірген

0
411

Өзінің әрекетінің салдарын түсінген ақтөбелік досына барлығын айтып, кейін екеуі полицияға келген.


Ақтөбелік азамат өзінің жыныстық әлсіздігін мазақ еткен әйелді қылқындырып өлтірген

ERNUR.KZ. Ақтөбелік азамат өзінің жыныстық әлсіздігін мазақ еткен әйелді қылқындырып өлтірді. Соттың шешімінен ол 11 жылға сотталды, деп жазады stan.kz.

Дереккөз мәліметінше, масаң күйде болған 43 жастағы ақтөбелік құрбысының үйіне келеді. Сол кеште дастархан басында бірнеше адам болған. Түн ортасына таяп қалғанда, ер адам қонаққа келген әйелдердің бірімен оңаша шығуды ұйғарады.

Алайда, кештің соңы адам өліміне әкеп соғады. Ер адам эрекцияда қиындықтарға тап болған, оның айтуынша, осы сәтте әйел оны мазақ ете бастаған. Сөзінше, ол еркекке балағат сөздер айтып, импотент деп атаған.

Ер адам мұндай қорлыққа шыдай алмай, әйелді жіппен қылқындырып өлтіреді. Өзінің әрекетінің салдарын түсінген ақтөбелік досына барлығын айтып, кейін екеуі полицияға келген.

Сот отырысы барысында сотталушы жасаған әрекетіне өкініп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрағаны айтылады.

Сот істі мұқият зерделеп, сотталушыны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол зардап шеккендерге өтемақы қорына 103 мың теңгеден астам ақша төлеуге міндеттелді.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.