Ақтөбелік банк қызметкері клиенттер есеп-шотынан қомақты ақша ұрлаған

0
1 268

Ол клиенттердің шотынан 5 мың теңгеге дейінгі ақшаны жымқырып отырған.


Ақтөбелік банк қызметкері клиенттер есеп-шотынан қомақты ақша ұрлаған

ERNUR.KZ. Ақтөбеде банк қызметкері алаяқтықпен ұсталды. Ол онлайн банкинг жүйесі арқылы өз клиенттерінің шотынан 1 миллион 200 мың теңге ұрлаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Әуелі полицияға бес адам өз шоттарынан ақша ұрланғандығын айтып шағымданған. Ал банктегі қызметтік тексерістен кейін 17 адамның шотынан 1 миллионнан астам қаражаттың қолды болғандығы анықталған. Жас жігіт Ақтөбедегі екінші дәрежелі банктің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Ол клиенттеріне банк қосымшасына өзі тіркеу жасап, қосымшаны пайдалануды көрсеткен көрінеді. Артынан клиенттеріне білдіртпей, шоттарынан бес мың теңгеге дейінгі қаражатты өз шотына аударып отырған көрінеді.
- Алайда, аталған банк қызметтік тексеру жүгізу кезінде клиенттердің өздері өз шоттарынан аталған ақша қаражатын осы банктің бұрынғы қызметкерінің шотына аударғанын анықтады. Қазіргі таңда осы дерек бойынша іс сотқа жіберілді. Күдікті анықталды, - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полицейлер дерегінше, биыл Ақтөбеде осындай онлайн банкинг арқылы ақша ұрлаған 28 кибер қылмыскер ұсталған.