​Ақтөбелік музыкант мылқау балаларға домбыра тарту әдісін ойлап тапты

0
3 939

Өнер мектебінде Гүлсана Мағзымбетованың сыныбында 30-дан аса бала бар


​Ақтөбелік музыкант мылқау балаларға домбыра тарту әдісін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде ән-күй мұғалімі мылқау балалар мен дамуы тоқтап қалған балаларды добыра шертудің әдісін ойлап тапты, деп жазады Tengrinews.kz.


32 жастағы музыка пәнінінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетов геометриялық фигуралар мен түстер комбинациясы арқылы домбырада ойнаудың әдісін ойлап тапқан.

Өнер мектебінде Гүлсана Мағзымбетованың сыныбында 30-дан аса бала бар, оның жартысынан көбі науқас балалар. Тәжірибелі музыкант аутист, эпилептик, мылқау, сондай-ақ психикалық дамуы тоқтап қалған балаларды оқытады. Басты себеп + баланың денсаулығын жақсарту және өнерге деген ынтаны арттыру.

"Ерекше балалармен жұмыс істеу ауыр, эмоциялық үлесіңді максималды түрде талап етеді, алайда жемісі – өте зор. Олар ынталы, дербес әрі жауапкершілікті сезінеді. Туыстары мен жақындарын қуантуға талпынады. Мен оларды домбыра тартуды тегін үйретемін, жақсылық жасағым келеді және олардың көзінен сүйіспеншілікті байқағым келеді", - деді Гүлсана Мағғзымбаева.

Нотаны түстер мен геомтериялық фигуралармен ауыстыру идесы кенеттен пайда болған. 2016 жылы көктемде Гүлсана жарынан айырылып, ауыртпалықты балалармен жұмыс арқылы басқан. Нота мен сандық методиканы балалар қабылдай алмаған, ал басшылық нәтиже талап еткен. Бір күні педагог ұлттық инструментті түрлі түстіге бояуды ұйғарған. Оқушылар осыны жақсы қабылдап, бірінші нәтижелер өз жемісін берген.

"Балаларды үлкен байқауларға алып баруды армандаймын, олардың әлемде талай қызықтар барын білсе деймін. Болашақта осындай орталықтарды еліміздің барлық өңірінде ашуды жоспарлап отырмын. Себебі науқас балалар көп, олардың рухани дамыту қажет. Басты мәселе - мен секілді энтузиасттардың жоқтығында", - деді музыкант.

Сүйікті ісімен айналысуға Гүлсана Мағзымбетова мемлекет көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр, гранттарды жеңуге түрлі байқауларға қатысып жатыр. Ол мыңдаған мүмкіндігі шектеулі балалардың осы керемет аспапта ойнауын қалайды екен. Гүлсана өзі екі баланы тәрбиелеп отыр. Аспапта ойнау атадан қалған мұра екенін айтады.

"Менің әкем тұқым қуған музыкант. Ол мені өнерге баулыды. Бала кезімде үйге қонақтар келгенде міндетті түрде ән салып беруімді сұрайтын, мен еш қысылмастан орындайтынмын. Сосын алдымнан тәжірибелі ұстаздар кездесіп, өз ісінің шеберлері осы күнгі нәтижеге қол жеткізуіме көмектесті", - дейді Гүлсана.