"Ақтөбелік шенеунік болып шықты": Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ер адам анықталды

0
2 420

Шенеунікті бейнежазбаны көрген желі қолданушылары танып қойған.


ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы көне Ыбықты-Сай шатқалының қабырғасына атын ойып жазған азамат мәдениет саласында жұмыс істейтін ақтөбелік шенеунік болып шықты, деп жазады stan.kz.

Шенеунікті бейнежазбаны көрген желі қолданушылары танып қойған. Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде бөлісілген оқиғаның бейжазбасының астына Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ресми парақшасы пікір қалдырды.

"Бейнежазбада көрсетілген адам шынымен де бюджеттік ұйымның басшысы болып табылады. Қазір таңда кезекті еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады", – делінген пікірде.

Дәл осы бейнежазбаның астына Маңғыстау облысының полициясы да пікір білдіріп, осы факті бойынша полицейлер тәртіп бұзушының жеке басын анықтап жатқанын хабарлады.