Нигериялық азамат шет мемлекеттің аумағында жүріп ұсталды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті, деп жазады exk.kz.
Нигерия азаматы 2014 жылы есірткі контрабандасы үшін қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.
2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген "Джонни" деген лақап аты бар Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне шет мемлекеттің аумағында ұсталды, - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.
Адвокаттың айтуынша, ол Қазақстан ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдаған. Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары ІІМ-нің сұрауы бойынша Алматы аумағындағы Ақжарқынның ісіне қатысты мұрағаттардың сұратылғанын растады.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі біздің редакциямызға ақпаратты нақтылау үшін Интерполға сұрау салуды ұсынды.