Әлемге әйгілі онлайн курс қазақ тіліне аударылды

0
832

Онлайн-курс 5 минуттық 16 сабақтан тұрады.


Әлемге әйгілі онлайн курс қазақ тіліне аударылды

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең әйгілі Learning How to Learn онлайн-курсы қазақ тіліне аударылды, деп жазады 24.kz.

Бұл мектеп оқушылары мен студенттерге және өзге де адамдарға жаңа дағдыларды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Яғни білім алудың техникасын үйретеді. Онлайн-курс 5 минуттық 16 сабақтан тұрады. Learning How to Learn жобасының авторы белгілі америкалық профессор Барбара Окли. Ол бірнеше бестселлер кітаптың авторы.

Алматыдағы таныстыру рәсіміне автордың өзі де қатысты. Барбара Окли нейробиология ғылымының соңғы жетістіктерін білім беру саласында шебер қолдана білген маман. Оның білімді тез меңгеру техникасына арналған курсын әлемнің 200 елінен 2,5 млн адам аяқтаған.

"Ол кісі бірнеше тілдерге аударуға бұл курсты ұсынған екен. Біз қазақ тіліне аударуға мүмкіндік болған кезде қуана-қуана бұл жобаға кірістік. Жүгірудің де техникасы бар сияқты оқудың да өз техникасы болатындығының мысалы. Және оны қалай үйренуге болатындығын осы курста меңгереді. Курс тегін" - білім беру платформасының жетекшісі Нартай Әшім.