Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады

0
466

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 процентке өсті.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тағы қымбаттады, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 процентке өсті. Ай басталғалы 0,4 процентке, ал жыл басынан бері 21 процентке қымбаттаған.
"Жылдық мәнде олар 20,5%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайыздық тармаққа жоғары", - делінген ресми хабарламада.
Өткен апатада қымбаттаған тауарлар:
жұмыртқа, І санат + 1,4%
пияз + 1,2%
Өткен апта арзандаған тауарлар:
қарақұмық – 0,2%
сәбіз – 0,8%
қант – 0,5%
Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
күріш келісіне – 332 теңге;
қанттің бір келісі – 502 теңге;
сүзбе келісі – 1844 теңге.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Соның ішінде түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа бар.