Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы арзандап жатыр

0
302

Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысындағы диқандардың жаңа өнім алуы әсер еткен.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы арзандап жатыр

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан 21 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш 0,1% болды.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасына қатысты жағдай сенбі күні үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
"Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысындағы диқандардың жаңа өнім алуы әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр", - делінген хабарламада.
Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) арзандап жатыр. Сонымен қатар "төмен бағалар" тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.
Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.