Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынының 11 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды

0
358

Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынының 11 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде басшылық құрамның өкілдері тәртіптік жазаға тартылды, деп жазады sputnik.kz.
Биыл қорда жүргізілген аудиттің нәтижесінде бюджет және өзге де заңнамаларын сақтамау, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарында бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі мен қор басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды.
"ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқаманың басқа тармақтарының орындалуы барысын бақылауда ұстайтынын хабарлады.