Әлеуметтік тауарлар бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

0
409

​Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін "айналым тетігі" жобасы аясында 3 миллиард 700 миллион теңге бөлінді.


Әлеуметтік тауарлар бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесін сақтамағаны үшін Small, Metro, Galmart сауда желілеріне қатысты ескертулер жіберілді. Бұл талаптар қайта бұзылған жағдайда бизнес субъектілеріне айыппұл салынады, деп жазады sputnik.kz.

Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін биыл "айналым тетігі" жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылардың саны кеңейтілді, сондай-ақ сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома ұлғайтылды. 2020 және 2021 жылдары 3 миллиард 700 миллион теңге бөлінді.

"Айналым тетігі" жобасына "Magnum", "Анвар", "Астықжан", "Кеңмарт", "Вкусмарт", "Аян", "Ақмол", "Шапағат", "Small", "Сарыарқа" сауда орындары және бірқатар дүкен қатысады.

Бакалея, көкөніс, ет және сүт өнімдерін өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тоннаға көкөніс келісімшарты жасалды. Көкөніс, ұн, сиыр еті және т.б. сатып алу мәселесі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді. Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде нарықтық бағадан төмен бағамен 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Бұдан басқа, инвестициялар есебінен елордада қуаттылығы жылына 10 мың тонна өнімді құрайтын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүріліп жатыр. Сонымен қатар қуаттылығы жылына 5 мың тонна нан-тоқаш комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

Өңірлік инвестициялық кеңес аясында жалпы құны 2,6 миллиард теңге болатын өндірістік-тамақ кешенінің (сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы) құрылысына қолдау көрсетілді.