Ол отандық өнімді қолдауға шақырды.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандық өнімді қолдауға шақырып, үстіндегі костюм-шалбары отандық өнім екенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әлібек Қуантыров отандық өмінді тұтыну және оған қолдау көрсету не үшін маңызды екеніне тоқталды.
«Мұнда баланс болуға тиіс. Егер біз тек импорттық тауарды сатып алсақ, онда өзіміздің өндіріс дамымайды. Жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Содан кейін импорттық тауарлардың бағасы бірден шарықтайды. Сондықтан бізге отандық өндірісті дамыту керек. Біз қазақстандық өнімді қолдаймыз», - деді министр.
Ұлттық экономика министрі отандық өнім халық үшін қолжетімді болуы керегін атап өтті.
«Менің үстімдегі костюмді көріп тұрсыз ғой? Қазақстандық өнім, құны – 90 мың теңге. Сондықтан біз (осындай салаларға) қаржы салуымыз керек. Қымбат емес – бірақ қазақстандық өнім. Отандық өнім міндетті түрде қымбат болмауға тиіс», - деді министр.