Алик Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания мен Германияға барды

0
1 081

Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және мемлекеттік қызметтің инновациялық қайта құруларында біздің еліміздің тәжірибесі мен жетістіктері көрсетілді.


Алик Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания мен Германияға барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық іс-қимыл процестеріне еліміздің белсенді қатысуын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасу мақсатында МҚІСҚА төрағасы А. Ж. Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания мен Германияға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс сапары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және мемлекеттік қызметтің инновациялық қайта құруларында біздің еліміздің тәжірибесі мен жетістіктері көрсетілді.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен делегация Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бірлескен үйлестіру орталығының басшысы Э. Престонмен (JACU), Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың төрағасы – Біріккен Корольдігі Парламентінің депутаты Б. Стюартпен, қоғамдық өмірдегі стандарттар жөніндегі комитеттің төрағасы Лорд Эванспен, "Economist Intelligence Unit" рейтинг агенттігінің өкілдерімен, сондай-ақ Ұлыбритания ІІМ Мемлекеттік сатып алу мониторингі саласындағы сарапшылармен кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Нүсіповтың қолдауымен Бертельсманн атындағы қордың, "Transparency International" және Герман экономикасының шығыс комитетінің басшылық құрамымен сараптамалық кездесулер өткізілді.

Қордың аға директоры С. Эмптер трансформациялық үдерістерді басқаруды күшейтуге бағытталған азаматтық қоғамды қатыстыра отырып, бастамалар мен жобаларды іске асыруда Агенттіктің инновациялық тәсілін атап өтті. Талқылау барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асырудағы Агенттіктің жетістіктері айтылды.