Әлихан Смайылов азаматтық авиация мамандарын даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді тапсырды

0
973

Үкімет басшысы Ғылым және жоғары білім, Көлік министрліктері азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз етуі керектігін айтты


Әлихан Смайылов азаматтық авиация мамандарын даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді тапсырды

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация мамандары шетелде біліктіліктерін арттыратын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inform.kz.

«Өнеркәсіп және Қаржы министрліктері әуежайлар аумағында мультимодальды көлікті пайдалану мүмкіндігін беру мәселесін пысықтауы қажет. Сондай-ақ, транзиттік жүктерді рәсімдеуді жеңілдетіп, тиісті технологиялық процестерді оңтайландыру керек. Көлік және Энергетика министрліктері, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» компаниясы қажетті авиаотын көлемімен қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды құру керек», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Ғылым және жоғары білім, Көлік министрліктері азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз етуі керектігін айтты.

«Алдағы уақытта қажетті кадрлардың болжамын жасап, шетелде біліктілікті арттыру мәселелерін пысықтауы қажет», - деді Премьер-Министр.