Алименттен жалтарған 12 азамат қамауға алынды

0
1 008

Орал қаласында жыл басынан бері алимент төлемеген отыздан астам адам жауапқа тартылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.


Алименттен жалтарған 12 азамат қамауға алынды

Орал қаласында жыл басынан бері алимент төлемеген отыздан астам адам жауапқа тартылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты алиментті өндіру туралы сот актісін орындамаған 31 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Іс барысын қарау кезінде анықталғанындай, сот орындаушылары борышкерлерге қарыздарын өтеу туралы хабарламалар жолдағанымен, ешқандай шара алынбаған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын толық мойындаған. Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабына сәйкес 12 адам әкімшілік қамауға алынса, 19-ына айыппұл салынды, деп хабарлайды